40 келіден астам марихуана тәркіленді

604

40 келіден астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тасмалдаушы ұсталды. Полицейлер оны иісшіл иттің көмегімен қолға түсірді, деп хабарлайды 24.kz.

Қылмыстық оқиға Шу ауданында болған. Тәртіп сақшылары жылжымалы бекетте "Тойота" маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізеді. Тінту кезінде көліктің жүк салатын бөлігінде есірткі жасырылған үш жолаушы сөмкесі анықталды. Қызметтік иттің арқасында 40 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Тергеп, тексеру нәтижесінде есірткі 36 жастағы ақтөбелік азаматқа тиесілі екендігі белгілі болды. Қазір ұсталған адам қамаққа алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу