60 мың теңгеден төмен жалақы алатын азаматтар үшін салық мөлшері азаяды

805

60 мың теңгеден төмен жалақы алатын  азаматтар үшін салық мөлшері азаяды

Келер жылдан бастап жалақысы 60 мыңнан аспайтын қазақстандықтар үшін салық жүктемесі 10 есеге азаяды, деп хабарлайды 24.kz.

Елімізде шамамнн 2 млн адам осындай жалақы алады.

Халықпен есептік кездесу өткізген Ұлттық экономика министрі осылай деді. Тимур Сүлейменов өткен жылдың қорытындыларымен де бөлісті.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге тікелей жауапты құзырлы органның оң нәтижелері аз емес. Мысалы, Индустрияландыру картасы аясында былтыр 120 жоба жүзеге асқан. Нәтижесінде он мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

"Нұрлы жол" бойынша 4 мың шақырым жол жөндеу көрсе, "Нұрлы жер" 100 мың қазақстандықтың баспаналы болуына септігін тигізді.

"2017 жылы халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның инвестициялық сенімділік деңгейін растауы және болжамының терістен тұрақтыға жақсаруы оң өзгерістердің куәсі болды. 2018 жылғы зерттеу қорытындылары бойынша әлемдік бәсеге қабілеттілік рейтінгісінде Қазақстан 38-орынға ие болады", – деді ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу