Павлодарда тұз өндірушілерге арналған ескерткіш орнатылды

1226

Павлодарда тұз өндірушілерге арналған ескерткіш орнатылды

Павлодарда өзен вокзалы алаңында "Толқын" саябағында тұз өндірушілерге арналған естелік белгі орнатылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Нысанның ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, өңір тұрғындары мен Ертіс өңіріндегі тұз өндірушілерінің ұрпақтары қатысты. 

"1720 жылы Ертісте Коряков көлінде өндірілетін тұз қоймаларының жанында форпост пайда болған, - дейді ескерткішті орнату жөніндегі бастамашыл топтың өкілі Петр Гарин. - Германияда де, Ресейде де, Украинада де өмір сүріп жатқан біздің тұз өндірушілердің ұрпақтары ауыр еңбек пен ата-бабаларымыздың жетістіктерін көрсететін монументтің пайда болуы туралы жаңалықты өте жылы қабылдады. Біз қала және облыс басшылығына ескерткіштің ашылуына көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар саябақтың айналасына жайғастырылғаны үшін өте ризамыз".

Монумент үстінде ұлутасы мен тұз кристалы бар төрт блоктан тұратын композиция ретінде жасалған. Көркем барельефте Павлодар облысындағы тұз кәсіпшіліктің 400 жылдық тарихы бейнеленген.

XVII ғасырдың соңынан бастап тұзды Ямышев тұз кәсіпшілігінде өндірген, 1747 жылдан кейін бұл эстафетаны Коряков тұз кәсібіпшілері қабылдады, - дейді белгілі павлодарлық өлкетанушы Эрнест Соколкин. - Бұдан кейін ХХ ғасырдың басында Таволжск тұз кәсіпшілігінде жұмыс істей бастады, қазір Қалқаман тұз кәсіпшілігі жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде тұз өндірушілердің бірнеше ұрпағы бір миллион тұз өндірді, сондықтан біз оларға естелікпен құрмет көрсетуге міндеттіміз".

Қазақстанда алғаш рет қойылған тұз өндірушілерге арналған ескерткіштің құны шамамен 5 миллион теңгені құрайды. Монумент демеушілік қаражат есебінен орындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу