Air Astana "Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания" атағын алды

414

Air Astana "Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания" атағын алды

"Эйр Астана" әуе компаниясы Skytrax World Airline Awards беделді сыйлығы бойынша "Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания" атағына жетінші рет ие болды. Марапаттау рәсімі Лондонда әлемнің жетекші әуе компанияларының қатысуымен өтті, деп хабарлайды ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті.
Skytrax компаниясының әлемдік беделге ие жүлдесі жыл сайын жолаушылардың әуе компания қызметіне қанағаттану деңгейін өлшеу нәтижесінде анықталады. 19 миллионнан астам жолаушы 10 ай ішінде жердегі және борттағы қызмет көрсету туралы сауалнамаға жауап берген. Сауалнамада тіркелу, отырғызу, салон тазалығы мен ыңғайлылығы, тағамдар мен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен борттық қызмет көрсетуге баға берілген. Зерттеу 200 ірі халықаралық және шағын жергілікті әуетасымалдаушыларды қамтыған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу