Әйелдер теннисі қауымдастығы жылдың жаңа рейтингін жариялады

886

 Аталған тізімде қазақстандық спортшылар да бар.

Әйелдер теннисі қауымдастығы жылдың жаңа рейтингін жариялады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жылдың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды olympic.kz.

Юлия Путинцева 44-орынды сақтап қалған. Ал тағы бір отандасымыз Зарина Дияс рейтингте құлдырап барады. Ол бірден тоғыз сатыға төмендеп, 98-ші орынға тұрақтаған. 

Еске сала кетейік, Путинцева Сиднейдегі турнирде Диясты ұтып, турнирдің негізгі бөліміне жолдама алған еді. 

WTA рейтингіндегі үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды. Бірінші орында румыниялық Симона Халеп. Екінші және үшінші сатыны германиялық Анжелик Кербер мен дат қызы Каролин Возняцкий иеленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу