Ақ үй фармацевтикалық компаниялармен соттасады

728

Себебі олар дәрі-дәрмек бағасын 10 пайызға көтерген.

Ақ үй фармацевтикалық компаниялармен соттасады

Дональд Трамп елдегі дәрі-дәрмек бағасын 10 пайызға көтерген фармацевтикалық компаниялармен ашық соғысты бастады. Іс сотқа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken TVшетелдік БАҚҚ-қа сілтемемен.

Еске сала кетсек, екі ай бұрын АҚШ президенті ескерту жасап, мәселе шешілгендей болған еді. Бірақ қазір "препараттар ішіне есірткі қосылып сатылады екен" деген ақпарат тарап жатыр. Әзірге нақты дәлел табылған жоқ. Сондықтан Трамп дәрі-дәрмек саудалайтын компаниялар ісін федералды сотқа жіберуге пәрмен берген.  

"Бұл іс міндетті түрде сотта қаралуы керек. Сонда қолын сындырып алған соң, оны емдетуге келген науқас аурханадан шыққанда небір препараттарды ішіп, нашақор болады деген сөз бе? Бұған бей-жай қарауға болмайды. Сосын Қытай мен Мексикадан келетін дәрілерге абай болыңдар. Олардан бізге қаншама тауар келіп жатыр, арасында халықты улайтын дүниелер болуы әбден мүмкін", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу