Ақселеу Сейдімбек атындағы тастаяқ турнирі өтіп жатыр

1053

Ақселеу Сейдімбек атындағы тастаяқ турнирі өтіп жатыр

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай тастаяқтан жазушы, журналист Ақселеу Сейдімбек атындағы дәстүрлі республикалық турнир басталды. Оған қазақ журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген қаламгерлер  қауымы қатысуда.

Турнир жеңімпаздары кубок, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ ерекше көзге түскендерге арнайы аталымдар бойынша сыйлық беріледі.

"Турнир таңертең басталып, кешке аяқталады. Осы уақытта журналистер бір-бірімен пікірлесіп, қалжыңдасып, сұхбат құрады. Шығармашылық туралы әңгіме қозғайды. Ахаңды, Ақселеу Сейдімбекті еске алып, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етеді", – деді журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор Намазалы Омаш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу