АҚШ дипломаттарына Венесуэладан кетуге 48 сағат уақыт берілді

706

АҚШ дипломаттарына Венесуэладан кетуге 48 сағат уақыт берілді

Венесуэла президенті Николас Мадуро елдегі Америка шенеуніктерін нон грата тұлғасы деп жариялап, елден кетуге 48 сағат уақыт берді, деп хабарлайды 24.kz.

Америка Құрама Штаттары мәселелеріне байланысты уақытша сенімді өкіл Тодд Робинсон мен оның орынбасары Венесуэла жерінен тез арада кетуге тиіс. Бұл туралы ұлттық телеарна тікелей эфир арқылы хабарлады.

Мадуро саясаткерлердің Венесуэла билігіне қарсы астыртын әрекеттер жасап, ішкі жағдайға бүлік салуға араласты деп кінәлады. Алайда АҚШ мемлекеттік департаменті ешқандай құйтырқы әрекеттің болмағанын айтып, кінәні мойындаудан бас тартты. Өз кезегінде Тодд Робинсон Венесуэла халқының халі мүшкіл екенін айтып, дұрыс қабылданған саяси шешім мен өзгерістер ғана өркендеуге жетелейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Дональд Трамп америкалық азаматтардың Венесуэла үкіметінің қарызына қатысты кез келген төлемді жүзеге асыра алмайтыны туралы құжатқа қол қойды. Мұндай шешім президенттік сайлауда Николас Мадуроның жеңіске жеткеніне байланысты қабылданған болатын. 

"Тодд Робинсонды нон грата тұлғасы деп жариялап, орынбасары Брайан Нараньомен қоса елден кетсін деп бұйырамын. Ешқандай қастандыққа жол жоқ. Бұл АҚШ-тың бізге қарсы жасап жатқан санкцияларына жауап деп түсінсін. Қаншама қыспаққа алып, Венесуэла халқын әбден әбігерге салды. Біздің намысымызды таптады", - дейді Венесуэла президенті Николас Мадуро.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу