АҚШ-қа алапат дауыл қаупі төніп тұр

2302

Бірнеше штатта төтенше жағдай жарияланды.

АҚШ-қа алапат дауыл қаупі төніп тұр

Мэриленд штатының губернаторы Ларри Хоган аймақта дауылға байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін Солтүстік және Оңтүстік Каролина мен Виргиния штаттарында да төтенше жағдай жарияланған еді. Жергілікті билік жағажай аумағында орналасқан елдімекендердің тұрғындарын эвакуациялауға бұйрық берді. Қазір шамамен миллионнан астам адам баспаналарын тастауға мәжбүр. 

Дүлей дауыл Атлантикада бес балдық шкала бойынша төртінші қауіпті деңгейге дейін жетті. АҚШ-тың Дауылды ескерту ұлттық орталығы "Флоренс" дауылының алдағы 5 күнде АҚШ-тың шығыс жағалауына жетіп ойран салуы әбден мүмкін екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу