АҚШ пен Оңтүстік Корея еркін сауда туралы жаңа келісімге қол қойды

799

Трамптың айтуынша, қайта қарастырылған шарт бюрократияны азайтып, екі елдің әл-ауқатын арттырады.

АҚШ пен Оңтүстік Корея еркін сауда туралы жаңа келісімге қол қойды

АҚШ пен Оңтүстік Корея еркін сауда туралы жаңа келісімге қол қойды, деп хабарлайды Atameken business.
Тараптар  оны сауда саласындағы тарихи сәт, аса маңызды құжат деп атады.

Трамптың айтуынша, қайта қарастырылған шарт бюрократияны азайтып, екі елдің әл-ауқатын арттырады. Ақ үй жетекшісі осы кездесуі арқылы АҚШ пен сауда келісімін жасасқан елдермен қарым-қатынасты қайта қарағысы келетінін аңғартты.

"Бұл екі ел үшін де тамаша күн, тарихи сәт! Америка халқының алдында берген уәдем бар еді. Ол – барлық сауда келісімдерін қайта қарау. Біз нағыз адал, өзара тиімді қарым-қатынасты қолдаймыз. Сол себепті бұрынғы келісімге өзгеріс енгізіп, оны біраз жаңарттық", - дейді Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу