banner

АҚШ-та 1 мыңнан аса үй жанып кетті

621

АҚШ-та 1 мыңнан аса үй жанып кетті

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртеніп, қауіпті аудандардан тұрғындарды көшіру басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Лаулаған жалын 14 мың гектар жерге жайылып, 1 мыңнан астам үй жанып кеткен. Салдарынан Сан-Франциско қаласын түтін тұмшалап алды.

Қазір тілсіз жаумен 9 мың өрт сөндіруші күресіп, арнайы техникалар мен ондаған тікұшақ жұмылдырылды. Бірақ ауа райының ыстық әрі желді болуы оны сөндіруге кедергі келтіруде.

Жергілікті билік өрттен келген шығын 140 миллион долларға жеткенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу