АҚШ-та ұсталған қазақстандықтарға қатысты алғашқы сот отырысы өтті

650

Келесі сот отырысы осы жылдың қазан айына белгіленген.

АҚШ-та ұсталған  қазақстандықтарға қатысты алғашқы сот отырысы өтті

АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық азаматтарға қатысты бірінші сот отырысы өтті. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken TV7

Отандастарымызға ақша жымқырумен айналысқан қылмыскерлерге қатысы бар деген айып тағылып отыр.

Келесі сот отырысы осы жылдың қазан айына белгіленген.

Еске сала кетсек, қазақстандық 3 әйел АҚШ-та қылмыстық топ құрамына еніп, көліктерді жалған сатумен айналысқан. Прокуратураның мәліметінше, олардың әрбірі 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Нью-Йорктегі Қазақстан консулдығы ұсталған азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қажетті барлық консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу