АҚШ-тағы Қазақстан азаматшасы кепілдікпен босатылды

864

Шілде айының соңында АҚШ-та "алаяқтықпен айналысты" деген күдікпен 25 адам ұсталды, олардың қатарында Қазақстаннан 3 азамат бар.

АҚШ-тағы Қазақстан азаматшасы кепілдікпен босатылды

АҚШ-тың соты "ақша жымқырды" деген айыппен ұсталған Қазақстан азаматшасын кепілдікпен босатты. Бүгін мұхиттың арғы жағында тіркелген қылмысқа қатысты сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken TV.

Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияровтың айтуынша, АҚШ-та ұсталған азаматтардың адвокаттары сотқа қаржы төлеп, күдіктілердің уақытша бостандыққа шығуына мүмкіндік алған.

Айта кетсек, шілде айының соңында АҚШ-та "алаяқтықпен айналысты" деген күдікпен 25 адам ұсталған болатын. Олардың қатарында Қазақстанның 3 азаматы бар. Дерекке қарағанда, олар заңсы көлік саудасымен айналысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу