АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі ғимаратына белгісіз біреулер оқ жаудырды

683

Кейбіреулер бұны АҚШ-Түркия қарым-қатынасының нашарлауымен байланыстыруда.

АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі ғимаратына белгісіз біреулер оқ жаудырды

Бүгін АҚШ-тың Түркиядағы елшілігіне бағыттап, белгісіз біреулер оқ атты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан CNN Turk-ке сілтемемен.

Өтіп бара жатқан автокөліктің бірінен белгісіз біреулер ғимаратқа оқ жаудырған, жарақат алғандар туралы ақпарат әзірге болған жоқ. Дегенмен, елшілік ғимаратының кіреберісінде орналасқан күзет кабинасының терезелері сынған.

Кейбіреулер бұл оқиғаны АҚШ-тың түрік тауарларына жоғары баж салығын енгізуі мен Анкараның қамауға алынған америкалық пасторды босатудан бас тартуы себеп болған түрік-американдық қарым-қатынасының нашарлауымен байланыстыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу