Ақтауда 4 шағынаудан пайда болады

1287

Ақтауда 4 шағынаудан пайда болады

Биыл Маңғыстау облысында 1 миллион шаршы метр баспана салынды, деп хабарлайды 24.kz.

Аймақ рекордтық көрсеткішке "Нұрлы жер" бағдарламасының көмегімен қол жеткізді. Осы жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлер саны өткен жылмен салыстырғанда, 40 процентке өскен.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша облыстағы барлық аудан мен қалаларда құрылыс қарқынды жүрді. Жалдамалы тұрғын үй құрылысы бойынша 408 пәтер берілсе, несиелік тұрғын үй аясында 400 мың шаршы метр баспана тұрғызылды.

Жалпы "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 6 жарым миллиард теңге бөлінген. Аталған бағдарлама аясында келесі жылы да Ақтауда жаңадан 4 шағын аудан пайда болады.

"Бағдарлама бойынша инженерлік коммуналдық инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар – Ақтау қаласының жаңа шағын аудандары. 17-шағын ауданының құрылысы 2019 жылдың 1 жартыжылдығында, қалған үш нысан 2019 жылдың соңында аяқталады", - дейді облыстық құрылыс және сәулет басқармасының бөлім басшысы Имаммахмұт Шағырбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу