banner

Ақтауда пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды

2017

32 а ықшамауданындағы жалпы ауданы — 26 122,4 шаршы метр болатын жаңадан салынған көп қабатты үйлердің пәтерлері таза әрлеуде пайдалануға берілді.

Ақтауда пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды

2018 жылғы 21 қыркүйекте Ақтауда "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа пәтерлер кілттерін тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі   — Ералы Тоғжанов, Ақтау қаласының әкімі - Ғалымжан Ниязов және "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары — Руслан Кәкім қатысты, деп хабарлайды "ҚИК" баспасөз-қызметі.

"Нұрлы жер" бағдарламасының "Сатып алумен жалға беру" бағыты аясында жаңадан салынған көп қабатты 32 а ықшамауданында жалпы ауданы — 26 122,4 ш.м. пәтер таза әрлеуде пайдалануға берілді.

Ақтауда бағытты жүзеге асыру басталғаннан бері және қазіргі кезде жалпы ауданы 56 664,9 шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үйдің 986 пәтері пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу