Ақтаудағы жарылыстан 2 адам көз жұмды

1215

 "Арлан" қызметкерлері  жарылыс орнынан 11 дана  оқыту снарядын  тапты.

Ақтаудағы жарылыстан 2 адам көз жұмды

Ақтауда металл қабылдайтын база аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"11 желтоқсанда Ақтау қаласындағы екінші өнеркәсіп аймағында орналасқан металл қабылдау базасында белгісіз зат жарылған. Салдарынан 5 адам зардап шегіп, олардың екеуі оқиға орнында қаза тапты. Бұл жерді полицейлер қоршауға алды. Оқиға орнында ІІД "Арлан" арнайы бөлімшесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы және Маңғыстау облысы ТЖД-інің 9 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеуде. "Арлан" қызметкерлері  жарылыс орнынан 11 дана  оқыту снарядтарын  тапты", – деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомоствоның атап өтуінше,  алдын ала болжам бойынша жарылыс снарядты детонациялау кезінде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу