"Ақтөбе" индустриалды аймағы екі есеге ұлғаяды

1632

 Алдағы жылдары "Ақтөбе" индустриалды аймағы тағы 300 гектарға артып, 500 гектар болады. 

"Ақтөбе" индустриалды аймағы екі есеге ұлғаяды

"Ақтөбе" идустриалды аймағы 200 гектардан 500 гектарға жетеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Өткен жылы Ақтөбеде бизнеске 33 миллиард теңге инвестиция салынды. Ал шағын және орта бизнестің саны 8 пайызға артты. Биыл қосымша 5 мың шағын және орта кәсіпті ашу, жүргізу тапсырмасы тұр. Бұл мақсатқа 22 миллиард теңге бөлініп отыр. Алдағы жылдары "Ақтөбе" индустриалды аймағы тағы 300 гектарға артып, 500 гектар болады. Инфрақұрылымды жеткізу арзанға түседі.

"Өндірісті 50 кәсіпорынды жаңғырту керек. Ауыл шаруашылығына да жаңа технологияны енгізген жөн. Әлеуметтік салада түрлі куәліктер алу мен жолдама беруге дейін цифрландыру керек", – деді облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов.

Сонымен қатар өңірде өндіріс орнын сақтау, жұмысшы санын қысқартпау жұмысы жалғасады.

"Кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ірі өндіріс орындарында кездесу болып жатыр. Биыл барлығы 48 меморандумға қол қою жоспарда бар. Жұмыс орнын сақтау, жалақыны арттыру, жергілікті мамандарды оқыту келісілді. Шетелдік маманды қазақстандықтарға алмастыру жұмысы да жүргізіледі", – деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу