Ақтөбе медициналық колледжі қарттарға тегін тіс протезін салып берді

1954

Ақтөбе медициналық колледжінің студенттері биыл қайырымдылық акциясын жалғастырды.

Ақтөбе медициналық колледжі қарттарға тегін тіс протезін салып берді

Ақтөбе медициналық колледжінің студенттері биыл қайырымдылық акциясын жалғастырды. Олар тегін тіс протезін салып, қарттар мен мүгедектерге емдік массаж жасап берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде медициналық колледжінің ұжымы бүгін қарттар мен мүгедектердің интернат үйіне барды. Мұнда тегін тіс протезін салып, массаж жасады, емдік қасиеті бар шай демдеп берді.

"Жыл сайын колледж ұжымы қайырымдылық акциясын ұйымдастырады. Бұл жолы қарттар мен мүгедектер үйінің 4 тұрғынына тегін тіс протезі салынды. Шамамен әр адамға қажетті тіс протезі 30 мың теңге тұрады. Осы жолмен 7 жылда барлығы 35 адамға тегін тіс салынды. Акция кезінде мүгедектер үшін емдік қасиеті бар массаж жасалды", — деді М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Тәжібаева.

Сонымен қатар, студенттер қарттарға арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу