banner

Ақтөбе облысы бірер жылдан соң газ тапшылығын сезуі мүмкін

771

Сондықтан Бұқара – Орал газ құбырының құрылысы басталады.

Ақтөбе облысы бірер жылдан соң газ тапшылығын сезуі мүмкін

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бірнеше жоба ұсынған болатын. Соның бірі – Бұқара – Орал газ құбырының құрылысы. Бүгін облыс әкімдігінде жаңа жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатқаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат..

"Ақтөбедегі магистралды газ құбырлары қазір өз қуатынан асыра жұмыс істеп тұр. Өңірдегі жаңа өндіріс орындары іске қосылса, газ тапшылығы сезіледі. Сондықтан Бұқара –  Орал жобасы ұсынылып, үкіметке тапсырма берілді. Жаңажол кен орнынан Хромтауға, кейін Ақтөбеге құбыр тартылады. Ұзындығы – 160 шақырым. Құны – 20-30 миллиард теңге. Қазір үкіметпен, "ҚазТрансГаз" АҚ-мен жұмыс жүріп жатыр", – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысының айтуынша, газ жеткілікті. Өткен жылы 7 миллиард текше метр газ өндірілді. Оның 2 миллиард текше метрі ішкі сұранысты қамтыса, өзгесі еліміздің басқа өңірлері мен шетелге шығарылып жатыр.

"Далаға жанып жатқан газды тоқтату жолында жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе, түнде жағады. Экология департаменті түнде тексеруі қажет", – деді Бердібек Сапарбаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу