Ақтөбе облысынан 35 Кеңес одағының батыры шыққан

3375

Ақтөбе облысынан 35 Кеңес одағының батыры шыққан

Ақтөбедегі "Мәңгілік алау" даңқ кешенімен қазақ халқына мың алғыс алаңында ардагерлерді ұлықтау рәсімі өтіп жатыр. Мыңдаған ақтөбелік алаңға шығып, қарт майдангерлерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды 24.kz.

Жылдағы дәстүрмен ақтөбеліктер Жеңіс мерекесінде осы алаңға жиналды. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары – ардагерлер. Өңірде 65 соғыс ардагері тұрып жатыр.

Жалпы соғыс жылдары 122 мың ақтөбелік майданға аттанса, оның 36 мыңы қайтпай қалды. Өңірден 35 Кеңес Одағының батыры шықты, 9 жауынгер "Даңқ" орденінің иегері атанды. Жиналғандар мәңгілік алау кешеніне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен батырларды еске алды.

Айта кетейік, соғыс ардагерлеріне бірреттік 300 мың теңге көлемінде мерекелік жәрдемақы берілді. Сонымен бірге дәрежесі соғыс ардагерлерімен теңестірілген 2000-нан астам қария мен 6000 тыл ардагері де назардан тыс қалмады. Оларға да қаржылай сыйлық жасалды.

Мерекелік шаралар әлі де жалғасады. Тұңғыш Президент атындағы саябақта концерт өтеді. Саябақтың бір шетінде әскери дала асханасы ұйымдастырылып, ардагерлер сарбаз ботқасының дәмін татады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу