Ақтөбе облысында 10 су қоймасы салынады

2420

Ақтөбе облысында 10 су қоймасы салынады

Ақтөбе облысында суармалы алқаптардың аумағын ұлғайту үшін 10 су қоймасы салынады, деп хабарлайды 24.kz.

Яғни 600 млн текше метр қар суын тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Сонымен бірге өңірдегі "Сазды", "Ақтөбе" және "Қарғалы" су қоймаларын қайта жаңғыртып, сыйымдылығын арттыру жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек ірі бөгеттер мен тоғандарды түгендеу және құжаттарын реттеу жобасы қолға алынды.

Биыл 21 мың гектар суармалы жерге түрлі дақылдар егілді.

Ақтөбе облысында 15 662 гектар суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Оған республикадан 7 млрд 200 млн теңге ақша бөлініп, 5 мердігер компания 15 су нысанында жұмыс жасап жатыр. Жалпы, жоспар бойынша өңірде суармалы жерлердің көлемі 30 мың гектарға жетуге тиіс. Өңірде 3 ірі су қоймасы мен 140-тан астам тоған бар. Қазір көбінің паспорты дайындалып, түгендеу жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу