banner

Ақтөбе облысында киік санағы басталды

2631

Ақтөбе облысында киік санағы басталды

Ақтөбе облысында киік санағы басталды. Алдымен Үстірт даласындағы жануарлар басты назарға алынады, деп хабарлайды 24.kz.

Өткен жылы ақбөкендер саны елімізде шамамен 152 мың болса, оның тек үш мыңға жуығы осы Үстіртті мекендейді екен.

Жалпы мамандар соңғы жылдары киік санының артып келе жатқандығын айтады. Үстіртті мекендейтін киік Бетпақ дала мен Орал популяциясынан әлдеқайда аз. 2015 жылғы жаппай қырылғаннан кейін бұл жерде шамамен үш мың бас ақбөкен қалған. Жануарлардың бейқам жайылып, еркін төлдеуіне де кедергі көп.
Алғашқы барлау болашақ ұшу бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Жануарлардың жайылымдары белгілі болды. Санақтың бірінші күні екі жүзден астам жануар көзге ілінген.

"Көкке көтеріліп, киіктердің қыр-жоталарға жақын жүргендігін анықтадық. Енді шамамен 50 сағат ұшу жоспарымызда бар. Сосын Батыс Қазақстан облысындағы киіктерді түгендейміз", - дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының аға қорықшысы Александр Путилин.

Үстірттегі санақ он тәулікте тәмамдалуға тиіс. Алда құралайдың желі басталып, киіктер төлдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу