Ақтөбе облысында жел энергиясын өндіретін генератор құрылысы басталды

1635

Ақтөбе облысында жел энергиясын өндіретін генератор құрылысы басталды

Қарғалы ауданы Бадамша ауылында Италиялық ARM WIND компаниясының тапсырмасымен жаңа құрылыс басталады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Негізгі мердігер BI GROUP компаниясы қуаты 48 МВт электр энергиясын өндіретін 13 жел энергиялы құрылғыларды орнату бойынша құрылыстың жүргізілуіне орай салтанатты ашылу рәсімі болды.

Шара Ақтөбе қаласында өтіп жатқан инвесторлар форумына орайластырылып өткізілді. Жоба құрылысына 300-ге жуық жұмысшы тартылса, оның 50-60 пайызы жергілікті тұрғындар қатарынан алынды. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың аяғы мен 2020 жылдың басында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта Бадамша ауылында 100 МВт электр өндіретін көлемді электр станциясын салу жоспарда бар және осыған сәйкес құжаттар дайындалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу