Ақтөбеде 25 жастағы мектеп мұғалімі белгісіз жағдайда көз жұмды

694

Марқұм Асия Тлепиева Алға қаласындағы орта мектепте 2015 жылдан бастап жұмыс жасаған.

Ақтөбеде 25 жастағы мектеп мұғалімі белгісіз жағдайда көз жұмды

Оқиға 2 қаңтар күні болған. Ақтөбе облысы Алға ауданындағы орта мектепте үш жылдан бері қызмет етіп жүрген мектеп мұғалімі белгісіз жағдайда өмірмен қоштасқан, деп хабарлайды aktobenews.kz.

"Бұл жағдайды өзіміз де түсіне алмай отырмыз. Демалыс күні болып тұр. Жұмыстың қатысы жоқ. Алғыр, орындаушылығы жоғары, мінезі ашық маман болатын. 3 қаңтар күні жұмысқа шыққан кезде қайғылы жағдай туралы естідік", – дейді Алға қалалық орта мектеп директорының орынбасары Ализа Жұпалаева.

Марқұм Асия Тлепиева Алға қаласындағы орта мектепте 2015 жылдан бастап жұмыс жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу