banner

Ақтөбеде балаларға арналған толық метражды фильм түсірілді

926

Фильмде  отбасын ажырасудан аман алып қалу үшін барлық шараларды қолданатын  13 жасар Жасар атты бала туралы айтылады.

Ақтөбеде балаларға арналған толық метражды фильм түсірілді

Бұл туралы "MediaPRO" балалар продюсерлік орталығының басшысы Жанаргүл Досова айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақтөбе облысында алғаш рет жас және кәсіби актерлердің қатысуымен балаларға арналған  толық метражды фильм түсірілді. "Жаса" фильмінің режиссерлары Қанат Айтбаев пен Мейрам Хабидолла.  Аталмыш жобаға Әкім Әлішер, Гаухар Әлібекқызы, Жұлдыз Елубай, Қанат Мұсағұлов секілді жас актерлер мен Роза Балғалиқызы, Кеңес Кемелбаев, Динара Еспаева және Даурен Балапанов сияқты кәсіби актерлер қатысты.

"Бұл жоба балалар фильмдерін шығару процесін ынталандыру мақсатында шығармашылық тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен қатар, адамгершілік, рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттау сонымен қатар, өңірдің балалары мен жастарының әлеуметтік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыруына жәрдемдесу үшін іске асырылды", - дейді жобаның басшысы Жанаргүл Досова.

Айта кетейік, балаларға арналған музыкалық фильм отбасылық мелодрама жанрында түсірілген.  Фильмде  отбасын ажырасудан аман алып қалу үшін барлық шараларды қолданатын  13 жасар Жасар атты бала туралы айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу