Ақтөбеде ірі пошта хабы ашылды

738

Бұрын сәлемдемелердің басым бөлігі алдымен Алматының сұрыптау орталығына жеткізілетін. Енді Еуропа мен ТМД елдерінен келетін сәлемдемелер бірден Ақтөбенің кедендік бақылауынан өтеді. 

Ақтөбеде ірі пошта хабы ашылды

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақтөбеде Қазақстандағы үшінші "Қазпошта" АҚ Батыс" өңірлік логистикалық орталығы ашылды. Орталық Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңір басшылығының жұмыс орындарын құрып, салық салынатын негіздерді арттыруға мүмкіндік беретін осындай нысандардың ашылуына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

"Елбасы алдымызға жаңа технологияларды енгізу, электронды сауданы дамыту міндетін қойды. Біз Президент тапсырмасын орындауға бағытталатын және жалпы өңірді дамытуға оң әсерін тигізетін барлық жобаларды қолдауға әзірміз. Біздің облыс Еуропа мен Азияны қосатын Қазақстанның батыс қақпасы болып табылады, Қытай тауарлары біз арқылы өту үшін қолдағы барлық мүмкіндікті барынша пайдалануымыз қажет",- деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

"Бұрын сәлемдемелердің басым бөлігі алдымен Алматының сұрыптау орталығына жеткізілетін. Енді Еуропа мен ТМД елдерінен келетін сәлемдемелер бірден Ақтөбенің кедендік бақылауынан өтеді. Бұл сәлемдемені иесіне жеткізу мерзімін алты күнге дейін қысқартып, поштаның тағы бір транзиттік айырбастау пунктін алып тастай отыра, Алматыдағы логистикалық орталыққа түсетін жүктемені азайтады.  Бұрын Ақтөбеде күніне 6 мыңға жуық жөнелтім өңделсе, енді өңделген пошталардың көлемі күніне 20-25 мыңға дейін өседі", – деді жаңа орталықтың бірқатар артықшылықтарын атап өткен "Қазпошта" АҚ-ның пошта бизнесі жөніндегі атқауршы директорыСәуле Егембердиева.

Хаб – Ресей, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен, жергілікті, ТМД мен Қытайдан келген сәлемдемелерді тиейтін сұрыптау пункті.

Олар кедендік бақылау мен сұрыптауды хаб аумағында жүргізетін болады. Бұл сәлемдемелерді жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Тауарды сұрыптау уақыты да айтарлықтай қысқармақ.

Логистикалық орталық заманауи жабдықпен, қауіпсіздік және бейнеқабылдау жүйелерімен, сонымен қатар, кедендік бақылау және тексеру аймақтарымен жарақтанған.

Мұнда сонымен қатар, өндірістік қуаттылығы 160 мың сәлемдеме болатын фулфилмент орталығы жұмыс жасайтын болады.

Хабтың жалпы аумағы – 3500 шаршы метр. Сексен жұмыс орны құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу