Ақтөбеде көпқабатты үйдегі өрттің неден тұтанғаны белгілі болды

631

Ақтөбеде көпқабатты үйдегі өрттің неден тұтанғаны белгілі болды

Алдын ала жасалған болжам бойынша, Ақтөбе қаласының орталығындағы көпқабатты үйдің өртенуіне темекі тұқылы себеп болған.

Өрт бірден бірнеше қабатқа жайылып, 30 пәтерді шарпыды. Баспаналары тұруға жарамсыз болып қалған тұрғындар қонақүйлерге орналастырылды.

Өрт сөндірушілердің алдын ала болжамы бойынша, өрт балконда жатқан заттарға түскен темекі тұқылынан тұтанған. 3-қабаттың 69-пәтерінде басталған өрт, тез арада басқа пәтерлерді отқа орап үлгерген. Өрт туралы дабыл 15.03-те түсіп, 16.05-те оны толық сөндірілген. Өртенген жердің ауданы 240 ш. метр. Өрттен 200-ге жуық адам зардап шегіп, оның 15-іне медициналық көмек көрсетілген. Өрттің салдарынан 30 пәтер зардап шексе, оның бірі түгі қалмай өртеніп кеткен.

Оқиға орнына облысы әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Іспанов келді. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу