Ақтөбеде учаскелік инспектор алып кеткен адам мерт болды

1211

Үшқұдық селолық округінің учаскелік инспекторы Айбек Назибеков қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Ақтөбеде учаскелік инспектор алып кеткен адам мерт болды

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық ауылының тұрғынын КамАЗ қағып, мерт болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде Үшқұдық ауылының тұрғынын үйінде отырған жерінен учаскелік полиция қызметкері алып кетті. Аудан орталығына алып кеткен соң еш хабар болмай, бір күннен соң қаралы хабар жетті. 51 жастағы Оспан Абишевті КамАЗ қағып кетіп, оқиға орнында қаза болды. Марқұмның туыстары полиция қызметкерінің оны не себепті аудан орталығына алып кеткенін білмей отыр.

"Маған учаскелік инспектор хабар беріп, үйіне естірту қажет деп айтты. Оқиға жұма күні болған, біз сенбі күні біліп, ақсақалдармен үйіне келдік. Полиция қызметкерінің не себепті алып кеткенін білмеймін",- деді Үшқұдық ауылдық округінің әкімі Берік Ақдәулетов.

Үшқұдық селолық округінің учаскелік инспекторы Айбек Назибеков қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу