Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады

731

Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады

"Астана қаласы көлік кеңістігін басқару" ЖШС 2018 жылдың шілде айынан бастап қала тұрғындары мен қонақтарына ақылы автотұрақ құнын төлеудің ыңғайлы формасын ұсынады. Енді ақылы автотұрақ құнын Senim мобильді қосымшасы көмегімен төлеуге болады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Ол үшін Senim мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелесіз және балансты толтырасыз. "Баптаулар" қойындысында Senim Parking кіру, көлігіңіз туралы барлық ақпаратты енгізу, ақылы автотұрақ құнын бір тетікпен төлеу батырмасы арқылы қызмет аласыз.

Осы жылдың 15 қаңтарынан бастап "Нұржол" желекжолында ақылы көлік тұрақтары жобасы іске қосылды. 472 көлікке орын әзірленіп, жол белгілері сызылды. Сол сияқты ақпарат алу тақталары орнатылып, 12 паркомат қойылды.

Мамандардың айтуынша, тұрақ құны таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін сағатына 100 теңге. Төлем көлікті тұраққа қойған сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде жүргізілуге тиіс. Ал демалыс және мереке күндері тұрақты пайдалану тегін. Тұрақты пайдалану тәртібі мен төлем тәсілдері және паркоматтар орналасқан орындар туралы www.2888.kz. сайтынан да толығырақ ақпарат ала аласыз. Сондай-ақ, 8-800-080-28-88 тегін нөміріне немесе қалалық 109 бірыңғай байланыс орталығына да хабарласуыңызға болады.

Сонымен қатар, ҰОС ардагерлері, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, "Алтын Қыран" және "Халық Қаһарманы" ордендерінің иегерлері, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері, Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген сынақтардан зардап шеккендер, Ауғанстандағы және басқа елдердегі әскери іс-қимылдан жапа шеккен мүгедектер мен ардагерлер тұрақ үшін ақы төлемейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу