Алексей Цой "елде менингит індеті тарап жатыр" деген қауесетті жоққа шығарды

801

Алексей Цой "елде менингит індеті тарап жатыр" деген қауесетті жоққа шығарды

Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой "елде менингит індеті" тарап жатыр деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Індет таралып жатқан жоқ. Егер сәйкес кезеңдерді салыстырсақ, дүрлігудің қажеті жоқ. Әр үш жыл сайын қайталанады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, күннің суығы ұзаққа созылып кетті, адамдар жылыға дайындала бастағанда, ауа райы күрт бұзылады. Осы процестердің бәрі аурудың асқынуына әкеп соғады", — деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол Алматыдан келетін пойыз және ұшақ жолаушылары тексерістен өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Мұндай жоқ. Бізде ұйымдасқан ұжымдарда әр жерде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Білім беру ұйымдарында медициналық қызметкерлер оқушылардың денсаулығын бақылайды", — деді ол.

Айта кетсек, Алматыда жыл басынан бері менингит ауруынан 3 адам көз жұмды. Олардың біреуі 5 жасар бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу