banner

Қазақстанда ер-азаматтарға қарағанда жалақысы жоғары әйелдердің қарасы көбірек

1035

Қазақстанда ер-азаматтарға қарағанда жалақысы жоғары әйелдердің қарасы көбірек

Исландияда жергілікті компаниялар мен жұмыс берушілерді қоластындағы әйелдерге де ер-азаматтармен бірдей жалақы тағайындауын міндеттейтін заң қабылданды. Яғни, ер-азамат атқаратын қызметте істейтін әйелдерге де тура сол мөлшерде жалақы беруді міндеттейтін заң қолданысқа енді, деп хабарлайды islam.kz. 

Аталмыш заң талабын бұзғандарға күніне шамамен 500 доллар шамасында айыппұл салынады. Десе де, жұмыс беруші қоластындағы жұмысшыларды өз қалауы бойынша көтермелеп, сыйақы беруіне, үстемеақы төлеуіне рұқсат.

Айта кетейік, Исландия - гендерлік теңдікті барынша қамтамасыз етуге ұмтылған әрі осы мақсатта осындай заң қабылдаған тұңғыш ел.

2014 жылы аталмыш елде әйелдер орташа есеппен ер-азаматтардың жалақысына қарағанда тек 78,5 пайызын ғана ала алатын еді.

Ал еліміздегі, яғни, Қазақстанда бұл мәселе бойынша жағдай қандай? ҚР статистикалық мәліметіне үңілсек, керісінше ер-азаматтарға қарағанда жалақысы жоғары әйелдердің қарасы көбірек болып шыққан. Мәселен, өсімдіктер мен мал шаруашылығында әйелдер ер-азаматтарға қарағанда 42,5 пайыз кем алса, қонақ үй және мейрамхана бизнесінде нәзік жандылар ерлерге қарағанда 40,1 пайыз артық табады екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу