Алматы қаласында "7-20-25" бойынша жыл соңына дейін 600 пәтер беріледі

916

Алматы қаласында "7-20-25" бойынша жыл соңына дейін 600 пәтер беріледі

Алматы қаласында "7-20-25" бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 600 пәтер беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

"7-20-25" бойынша жалпы сомасы 10,9 млрд теңге болатын 843 пәтер несиесі мақұлданды. Бұдан басқа ағымдағы жылдың аяғына дейін бағдарлама талаптарына сәйкес келетін 600-ден астам пәтер пайдалануға берілмек. Ал "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында биылғы жылы 4 800 отбасы жаңа пәтер алады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ке артты", - деді Бауыржан Байбек.

 "Нұрлы Жол" бағдарламасының аясында 4 200 жұмыс орны құрылып, 111 шақырым инженерлік желі жүргізілді Сондай-ақ, 28 әлеуметтік тұрғын үй және 2 мектепке қосалқы ғимарат салынған.

"Бұл бағдарламалардың барлығы ел экономикасын нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Нәтижесінде, осы жылдың өзінде 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде", - деп атап өтті.

Сонымен қатар, соңғы 3 жылда 800 км инженерлік жүйе жөнделіп, 500 шақырымға жуық жол салынды және жөндеуден өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу