Алматы қаласында 30 шақырым жүргіншілер жолы салынады

842

Алматы қаласында 30 шақырым жүргіншілер жолы салынады

Алматы қаласында "қалалар жүргіншілер үшін" қағидасы аясында ұзындығы 30 шақырым болатын жаңа тротуарларды салу жұмыстары басталды. Қаланың 157 көшесін жөндеу барысында жүргінші жолдары да жаңарады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көше-жол жүйелерін жөндеу кезінде бұзылған арық науалары ауыстырылып, керексіз конструкциялар алынып, жасылдандыру атқарылады. Қозғалыстың өткізу қабілетін арттыру мақсатында жиектегі тұрақ қалталары ғана абаттандырылады. Жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшеден кіру бөлігі тарылады. Бұлардан өзге, мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша жүргінші қозғалысын қиындататын құрылыстар бар тротуарлар анықталуда.

Айта кетерлігі, Түрксіб ауданында Стаханов, Париж коммунасы, Шымкент, Буденный көшелері бөлігінде жаңа тротуарлар пайда болды. Әуезов ауданындағы №6 және №8 ықшам елді мекендерде жаңа аулааралық тротуарлар пайдалануға берілді. Бостандық ауданында Дунаевский көшесі бойымен Жароков және Ходжанов көшелерінде де тротуарлар іске қосылды. Осыған ұқсас жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүруде.

Еске салсақ, қаланы жаңартудың екінші жылы бойына биылғы жазда бірқатар негізгі даңғылдар жаңарады. Инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау кезінде 12 шақырым жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Бұлардан өзге, бұрыннан жаңарған 455 аула алаңдарына қосымша тағы да 585 аула жөнделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу