Алматы қаласында электр энергияның бағасы өзгереді

1410

Алматы қаласында электр энергияның бағасы өзгереді

Алматы қаласында электр энергияның бағасы өзгереді. Енді күндізгі немесе түнгі тариф болмайды. Яғни, кез келген тұтынушы өзіне ыңғайлы және тұтынған көлеміне ғана ақша салады, деп хабарлайды almaty.tv.

Жаңа заңда 3 деңгей қарастырылған. Әр қайсысында түрлі баға орнатылыпты. 1-ші деңгейде баға 14 теңге 87 тиын, 2-шісінде 19 теңге 63 тиын, соңғысында 24 теңге 54 тиын. Ал тек тұтынған көлеміне ғана төлейтіндер үшін орташа баға 16 теңге 36 тиынды құрайды. Алматыда тұтынушылардың 97 пайызы тұтыну көлемі бойынша төлейді екен. 

"Алматы қаласында 480 мың тұтынушы бар. Оның ішінде тек қана 14 мыңы осы тәулік зонасы бойынша төлейді. Ал қалған 97 пайызы тұтыну көлемі бойынша төлейді. Осы тұтыну көлемі бойынша төлейтін тұтынушыларға ешқандай өзгерістер болмайды. Бұрынғыдай төлей береді", - деді  Алматы қаласы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайырбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу