Алматы облысында балалар робот құрастыруды үйренеді

575

Алматы облысында балалар робот құрастыруды үйренеді

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының оқушылары робот техникасын құрастыруды үйренеді, деп хабарлайды 24.kz.

Аудандағы алғашқы ІТ-сыныбы осы ауылда ашылды. Жаңа орталық тың жабдықтармен қамтылған. Мұнда оқушылар түрлі модельді бағдарламалар әзірлеп, құлтемір құрастырудың қыр-сырын меңгереді. Қазірдің өзінде өңірде мұндай орталықтың 20-сы бар. Облыс басшылары олардың санын жыл сайын көбейтіп, жасөспірімдерді тың технологияларға баулымақ. Ауданда ашылған алғашқы ІТ-сыныптың жұмысымен Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева да танысты.

Орталықтың құрылуына "Нұр Отан" партиясы мұрындық болған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу