Алматы облысында көлік апатынан 8 адам көз жұмды

691

Жантүршігерлік оқиғадан  тек 36 жастағы әйел ғана аман қалған. 

Алматы облысында көлік апатынан 8 адам көз жұмды

Алматы облысында 8 адам көлік апатынан мерт болды. Жантүршігерлік оқиғадан  тек 36 жастағы әйел ғана аман қалған. Зардап шеккен әйел Қарағанды облысындағы Приозерск  қаласының ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік апаты үш облыстың, демек, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облысының жолдары түйіскен жерде болған. Нақтырақ айтқанда Алматы-Екатеринбург тас жолының 385 шақырымында, Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылының маңында орын алған. Қайтыс болғандардың ішінде Астана қаласының тұрғындары да бар.

Опель және BMW маркалы көліктердің соқтығысуы салдарынан 8 адамның мерт болған оқиғанын облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

"20 тамыз күні жол-көлік оқиғасынан 8 адам мерт болғанын растаймыз. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, қажетті сот-медициналық сараптамалардың барлығы тағайындалды. Істі облыстық Анықтау басқармасының өзі жүргізеді", - деді аталған ведомствоның  өкілі Көбейхан Нұрахмет.

8 адамның өмірі қиылған көлік апатынан соқтығысқан машинаның  бірі өртеніп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу