Алматы облысында ШОБ үлесі 30 пайызға артты

537

Алматы облысында ШОБ үлесі 30 пайызға артты

Алматы облысында шағын және орта бизнестің үлесі 30 пайызға артты. Соған сәйкес өңірдегі бюджетке түсетін салық мөлшері де өсті, деп хабарлайды Atameken TV.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мұндай нәтижеге өзін-өзі жұмыспен қамтудың алдын алу шаралары арқылы қол жеткізілді. Халықтың басым көпшілігі мемлекеттік кіріс департаменті мамандарының нұсқауымен салық органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Азаматтардың сенім артуына "Нұрлы жол", "Рухани жаңғыру" сияқты мемлекеттік бағдарламалар маңызды рөл атқарған. Жыл өткен сайын әсіресе құрылыс пен әлеуметтік қызмет саласында кәсіпкерлер саны артуда.

"Шағын және орта бизнестен жергілікті бюджетке түсетін жалпы түсім үлесі 43 пайызды құрайды. Бұл нәтиже. Бірнеше жыл бұрын бұл 23 пайыз болған. Мәселен "Нұрлы жол" бағдарламасында көп нәрсе бар, тұрғын үй ғана емес, әлеуметтік нысандарды да саламыз. Өткен жылы 45 мектеп салынды", - дейді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу