Алматы тұрғындарының 6 миллиард теңгеден астам қарызы бар

709

Алматы тұрғындарының 6 миллиард теңгеден астам қарызы бар

Алматы тұрғындары салықшыларға 6 миллиард теңгеден астам қарыз. Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Ұлан Ерденұлы айтты, деп хабарлайды.

Ұлан Ерденұлының айтуынша, бүгінгі таңда Алматы қаласында жеке тұлғалардың меншікке салынатын салыққа қарызы 6,5 млрд теңгеден асып отыр. Оның ішінде көлік салығынан 150 мыңдай салық төлеушінің 6 млрд 200 млн теңге қарызы бар. Ол жыл басымен салыстырғанда 1,5 еседей өсіп отыр. Мүлік салығынан 20 мың салық төлеушінің 211 млн теңге бұрынғы жылдардың қарызы бар. Жер салығынан 13 мың салық төлеушінің 30 млн теңгеден астам қарызы бар екен. Ол көлік салығынан бұрынғы жылдарға төленбеген 5 жылдың 4 млрд теңгедей салық берешегі болған, жылдың басында. Қазіргі таңда 6 миллиард 200-ге өсіп отыр.

"Биылғы жылдан бастап жаңа салық кодексі қолданысқа енді. Салық органдары мәжүрлеп өндіру бойынша хабарламаның мерзімі өткен соң салықтық бұйрықты шығарып, салық төлеушіге тапсырылған соң 5 жұмыс күнінен кейін жеке сот орындаушыларына жөнелтіледі. Жеке сот орындаушылар өз кезегінде салық төлеушінің мүлкіне шектеу қойып, шетелге шығуға шектеу қоюға құқықтары бар. Егер өзі сол мерзімге дейін орындамаған жағдайда", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу