Алматы жастарына арналған тұрғынүй бағдарламасын қаржыландыру екі есе артты

669

Алматы жастарына арналған тұрғынүй бағдарламасын қаржыландыру екі есе артты

Еліміздегі жұмыссыз жастардың дені Алматыда. Шаһардағы жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызды құрайды. Бұл туралы қала басшысы Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Today.kz.
"Алматы – жастардың қаласы. Қалада 200 мыңға жуық студент бар. Қазір шаһардағы тұрғындардың орташа жасы – 33,5. Бірақ жұмыссыз жастардың көбі Алматыда. Былтыр жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызға жетті. Қазір осы бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді Бауыржан Байбек. 
Қала әкімі былтыр енгізілген "Алматы жастары тұрғын үйі" туралы да сөз етті. 
"Былтыр "Алматы жастары тұрғын үйі" бағдарламасын қолға алдық. Осы уақытқа дейін 6 мың өтініш келіп түсті. 100 өтініш қабылданды. Бұл бағдарлама арқылы жастар тұрғын үйді 5 пайыздық несие арқылы алады. Бағдарламаға сұраныстың жоғары екенін ескеріп, қаржыландыруды екі есеге арттырдық. Биыл аталған бағдарламаға 2 миллиард теңге бөлдік", – деді Алматы қаласының әкімі. 
Еске сала кетсек, Алматы қаласы тұрғындары алдында қала әкімі Бауыржан Байбек есеп беріп, биылғы жоспарлармен бөлісті. Кездесуді тұрғындар тарапынан түскен шағымдарды талқылаумен бастады. Қала басшысы пәтер иелері кооперативтерін сынға алып, шаһардағы қоғамдық көлікте жүру тарифі көтерілмейтінін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу