Алматыда Arlan Grip Kids турнирінің финалы өтеді

736

Алматыда Arlan Grip Kids турнирінің финалы өтеді

Желтоқсанның 2-і күні Алматыда джиу джитсудан Arlan Grip  Selection xалықаралық  турнирінің  финалы өтеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Жарыста 6- 17 жасар кез келген  балалар мен жасөспірімдер күш сынасады. Оның өтетін орны  ABB  Arenа.

Турнирдің басты мақсаты елімізде джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардыңшеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар  мен  дипломдар табысталады.  

Салмақты өлшеу рәсімі жарысқа бір күн қалғанда өткізіледі, ал  тіркелген қатысушы салмақ дәрежесіне  сәйкес келмеген жағдайда – спортшы жарысқа қатысу құқығынан айырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу