Алматыда еліміздегі ең үлкен кинотеатр ашылады

851

Алматыда еліміздегі ең үлкен кинотеатр ашылады

Chaplin Cinemas кинотеатр желісі бесінші кинотеатрын Алматыда ашпақ, деп хабарлайды 24.kz.

Компания басшыларының айтуынша, бұл еліміздегі ең үлкен кинотеатр болады. Өйткені мұнда жалпы саны 15 кино залы жұмыс істейді. Айта кетейік, аталған желінің бес кинотеатры толықтай 3D форматында қызмет көрсетеді.

"Бұл еліміздегі ең үлкен кинотеатр болмақ. Өйткені эконом санаттағы залдар көлемі жағынан өте үлкен болады. Оған қоса VIP санаттағы және балаларға арналған залдар да қарастырылған. Жаңа кинотеатр соңғы үлгідегі технологиямен қамтылмақ, - дейді Chaplin Cinemas кинотеатр желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу