Алматыда ер адам күзетшіні көлікпен қағып, тепкілеп өлтірді

4121

Жәбірленуші ауруханада қайтыс болып, шабуылдаған ер адам ұсталған.

Алматыда ер адам күзетшіні көлікпен қағып, тепкілеп өлтірді Фото: Бейнежазбадан

Алматыдағы элиталық тұрғын үй күзетшісіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл Алматы. Мұнда өткен түнде элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетші мен тұрғын арасында қақтығыс болды. Нақты не болғаны әзірге белгісіз, алайда үй тұрғыны күзетшімен сөйлескеннен кейін көлігімен қақпаны соғып, содан кейін көлікпен күзетшіні қағады, сосын оны аяғымен тепкілеп, өлімше етіп сабады. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болып, шабуылдаған ер адам ұсталған", - деп жазды журналист.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр дене жарақаттарын келтірген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу