Алматыда грэпплингтен Азия және Океания чемпионаты аяқталды

687

Алматыда грэпплингтен Азия және Океания чемпионаты аяқталды

- Алматыда грэпплингтен Arlan Grip Selection халықаралық турнирі аясында әуесқойлар мен тәжірибелі спортшылар арасында өткен Азия және Океания чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы ақпарат орталығының мәліметінше, әлемдік жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан, Австралия, Малайзия, Жапония, Қырғызстаннан келген 50-ден астам тәжірибелі грэпплерлер ADCC ережелеріне сай күш сынасқан.  Ал бүгін, чемпионаттың екінші күнінде Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран елдерінен келген 120-дан астам әуесқой грэпплер AIGA лигасының тәртібі бойынша 7 салмақ дәрежесінде күш сынасты. 

"Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Жүлделі болғаныма қуаныштымын. Қарсыластарым да осал болған жоқ. Жалпы, 2018 жыл мен үшін өте сәтті өтті. Келесі жылы да одан да жақсы жетістіктер болады деп сенемін", - дейді жеңімпаздардың бірі Шыңғыс Қасымов. 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Arlan Grip медалімен және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, 300, 200, 100 доллар ақшалай сыйлықтарға ие болды. Айта кету керек, Азия және Океания чемпионаты Алматыда осымен екінші рет өтті. Алғашқы жарыс 2016 жылы ұйымдастырылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу