Алматыда LIMAX шұлықтарының 448 орамы өртелді

654

Қалалық әділет департаментінің қызметкерлері заңсыз айналымда жүрген контрафактілік өнімдерді жоюға кірісті.

Алматыда LIMAX шұлықтарының 448 орамы өртелді

Алматыда 1 млн теңгенің шұлықтары өртелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Контрафакт заттар арнайы пеште өртелді. Бұл пеш атмосфераға зиянды зат бөлмейді. Осылайша қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Бұл шара арнайы комиссияның қатысуымен жүзеге асты. Сот шешімімен тәркіленген шұлықтар өртеуден басқа мақсатта пайдалануға жарамсыз саналған. Контрафакт дерегінің жолы кесілгелі бері қоғамдық пікір назардан тыс қалған жоқ. Мұқтаж адамдарға тарату туралы да пікір болды. Алайда қайда қалай шығарылғаны белгісіз затты адамдардың денсаулығына нұқсан келтірмес үшін, сот бұл заттарды өртеп жіберу туралы шешім шығарды", – деді әділет департаментінің ресми өкілі Әсемгүл Бақтыгереева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу