Алматыда марафон кезінде бір адам қайтыс болды

860

Студент мәреге бір кварталдай қашықтық қалған кезде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына үш минуттан кейін жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмған уақытын белгіледі. 

Алматыда марафон кезінде бір адам қайтыс болды

Алматыда жартылай марафон кезінде Санкт-Петербор гуманитарлық кәсіподақ университеті Алматы филиалының студенті Максим Королев көз жұмды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Жанкүйерлері ретінде қасында келе жатқан курстастары 18 жастағы студенттің "күрес пен жауынгерлік самбодан" ҚР спорт шебері кандидаты, кросстан қалалық спартакиада жүлдегері (1 орын) болғанын айтты. 

Куәгерлердің сөзіне сенсек, Абай көшесімен жүгіріп келе жатқан студент мәреге бір кварталдай қашықтық қалған кезде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына үш минуттан кейін жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмған уақытын белгіледі. 

Өлім себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Ұйымдастырушылар марқұмның туысқандарына хабарласып, көңіл айтты. Ата-анасына Алматыға жетуіне көмек көрсетті. 

"Смелость быть первым" корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева әдетте марафон басталмай тұрып, қатысушылардың маршруты ІІД, жедел жәрдем станциясы қызметтерімен бірге анықталып, тиісті жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер тұратынын атап өтті. 

"Алайда осы трагедиядан кейін біз спортшыларды жарысқа жіберу талаптарын қайта қарастырамыз", — деді Қазыбаева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу