Алматыда соңғы үш жылда шетелдік туристер саны 14 пайызға өскен

784

Алматыда соңғы үш жылда шетелдік туристер саны 14 пайызға өскен

Алматыға биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 130 мыңнан астам шетелдік турист келген. Бұл мәлімет "Туризмді дамытудың 100 қадамы" қалалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өткен кеңейтілген отырыста айтылды, деп хабарлайды almaty.tv.

Мегаполистің жетекші туроператорларын бас қосқан жиынға қала әкімі  Бауыржан Байбек те қатысып, туризмді дамытудың жолдарын талқылады. Соңғы үш жылда шетелдік туристер саны 14 пайызға өскен.  Алматыда биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Оңтүстік Кореядан, Индия мен Ресейден, Қытайдан, Түркиядан, АҚШ пен Германиядан саяхатшылар келген.  Бүгінгі күні қала экономикасының 87 пайызын қызмет көрсету саласы құрайды. Бірақ соған қарамастан  жалпы өңірлік табыстың небәрі 1 жарым пайызы ғана туризмнің үлесіне тиесілі. Туристер мен тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау үшін келесі айдан бастап халықаралық және қалааралық рейстер  "Сайран" автовокзалы арқылы іске асырылмақ. Сонымен қатар қаладағы темір жол вокзалдарыда қайта жөндеуден өтеді.

"Жыл аяғына дейін 14 халықаралық агенттіктер үшін БҰҰ-ның Өңірлік  хабы  ашылады. Париждің, Стамбулдың, Бангкоктың тәжірибесі  мұндай шараның шетелдік туристер легін ұлғайтатынын, халықаралық деңгейде қаланың танымдылығын арттыратынын көрсетті. Алматыға деген қызығушылықтың арқанын әлемдік TripAdvisor тұғырнамасынан көруге болады.  Бұл тұғырнаманы көбінесе АҚШ-тың, Ресейдің, Ұлыбритания мен Индияның,Германияның азаматтары пайдаланады",-деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсел Жүнісова.  

Кездесу барысында Қазақстандық туристер қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова Іле-Алатау саябағында туристердің суретке және видеоға түскендері үшін ақша төлеудің қаншалықты заңды екені туралы мәселе көтерді. Жиынға қатысып отырған Іле-Алатау паркінің бас директоры  Дамир Малгелдиевтің айтуынша, тек  коммерциялық түсірілімдерге ғана ақша төленеді. Егер инспектор келушілерден ақша талап ететін болса, ол заңсыз болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу