Алматыда жол талғамайтын көліктер жарысында спортшы көз жұмды

933

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өліміне өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болған. 

Алматыда жол талғамайтын көліктер жарысында спортшы көз жұмды

Алматыда жол талғамайтын көліктер жарысында ер адам көз жұмды. Бұл туралы "Колеса" порталына сілтемемен sputniknews.kz хабарлады. 

Трагедия Сайран көлінде өтіп жатқан дәстүрлі джип-фестивальде болды. Талдықорғандық Азамат Әбдуғали "Спорт" категориясында жарыс жолына шығып, мәреге жете алмаған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өліміне өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болған. Басылым жарыста кезекшілік еткен дәрігерлер бригадасы спортшының өлімін тіркегенін нақтылады. 

Марқұм республикалық джип-спринттерге қатысып, жүлдегер атанған. 

Осы жылдың қазан айында Алматыдағы марафон кезінде 18 жастағы астаналық студент Максим Королев қаза болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу