Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

1284

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді Фото: zakon.kz

Бүгін таңертең Алматыда жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың сөзінше, өрт туралы 09:21 хабар түскен. Кездейсоқ көріп қалғандар хабарласып, автобус түтіндеп жатқанын айтыпты.

№ 137 автобустың дөңгелегі мен салоны өртенген. Өрт 20 шаршы метрге жайылған. Сағат  09:59-да толық сөндіріліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу