Алматылық Аргентина құрамасы үшін 2,5 миллион теңгесінен айырылды

710

Алматылық Аргентина құрамасы үшін 2,5 миллион теңгесінен айырылды

Tennisi.kz букмекерлік компаниясының ойыншысы Рейсейде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде өткен Аргентина мен Хорватия матчінде 2,5 миллион теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Леонель Месси голы мен Аргентина құрамасының жеңісіне 2.78 коэффицентімен бәс тіккен. Ұтқан жағдайда ол 4,45 миллион теңге пайда көретін еді.

Алайда Аргентина құрамасы 0:3 есебімен Хорватиядан ойсырай ұтылды. Бұл ойында гол салғандар Вилли Кабальеро, Лука Модрич және Мессидің командаласы - Иван Ракитич.

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде 60 жылда алғаш рет жеңіліп тұрғанын айта кетейік. Ал Месси бұл жайында пікір білдіруден бас тартты. 

Еске салайық, бүгін, 22 маусымда тоғызыншы күннің ойындары өтеді. Астана уақытымен 18:00-де Санкт-Петербургте Бразилия және Коста-Рика арасында Е тобының ойыны. 21:00-де Волгоградта Нигерия және Исландия (D тобы). Ал 00:00-де в Калининградта Е тобындағы Сербия мен Швейцария құрамаларының ойыны өтеді. Бұл мачтердің тікелей трансляциясын мына жерден көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу